Биоотынмен қуаттанатын көліктер шығады

508

Mazda қозғалтқышты сақтап қалу жолын тапты

Моторлар бензин мен дизельдің орнына балдырдан алынған биоотыннан қуат алады.

Келешекте іштен жанатын қозғалтқышқа сұраныс төмендейтіні айдан анық, бірақ Mazda бұған сенбейтін сияқты. Жапониялық компания теңіз балдырынан биоотын жасауды мақсат еткен Хиросима университеті мен Токио технологиялық институтының зерттеулеріне қолдау білдіруде.

Биоотын жанған кезде табиғи көмірқышқыл газы ғана бөлінеді, сәйкесінше, оның атмосфераға тигізер зияны аз. Балдыр плантациясы көп күтімді қажет етпейді, әрі теңіз суында өседі. Оған қоса, өсімдік биологиялық жолмен шіритіндіктен, қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Mazda-ның аталған отын түрінің болашағына сенімі мол. Егер ол қолданысқа енгізілсе, компания биоотынға негізделген қозғалтқышқа ие көліктерін 2030 жылдан кейін де шығармақ ниетте.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *