Қазақстандықтарды коронавирустан қандай дәрілермен емдейді?

511

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева  бүгінде Қазақстанда коронавирус белгілерін емдеу үшін қандай препараттар қолданылатындығын айтты. Бірінші кезекте, шенеунік қазіргі уақытта елімізде әртүрлі ауруларды емдеу әдістерін сипаттайтын 1037 клиникалық хаттаманың жұмыс жасайтындығын атап өтті. Коронавирус жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі індетті аса қауіпті деп таныды. Сондықтан емдеу хаттамасының бірінші нұсқасы 2020 жылдың 3 ақпанында ұсынылды. Ресми мәлімет «Coronavirus2020.kz» Telegram каналында жарияланды.

Мемлекет шетелдік әріптестердің ақпараттарын белсенді түрде талдайды. COVID-19 індетін емдеу саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді зерттейді. Сондықтан ақпан-наурыз айларында хаттамада медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар өзгерістер болды. Хаттаманың қазіргі бесінші қатардағы нұсқасы 2020 жылдың 2 сәуірінде мақұлданған. Өзгерістер жайлы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан қарауға болады.

Құжатқа сәйкес, гидроксихлорохин препараты  COVID-19 ауруының алдын алу үшін қолданылады. Ол пациенттерде симптомдарды емдеу үшін де қолданылады. Дәрі-дәрмектердің тізіміне сонымен қатар Лопинавир / Ритонавир, Рибавирин және Азитромицин кіреді. Егер күтпеген жағдай болса, хаттамада хлорокин мен ремдесивирді қамтитын резервтік емдеу режимі қарастырылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *