Бүгін Қызылорда облысында 7 адам коронавирус жұқтырды

195

Бүгін Қызылорда облысында 7 адам «COVID-19» инфекциясын жұқтырды.

Ауру жұқтырғандардың бесеуі — Шиелі ауданында, біреуі — Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелген. Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 9 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясына шалдыққан 92 адам бар: Қызылорда қаласында – 10 Жаңақорған ауданында – 16 Қармақшы ауданында – 4 Шиелі ауданында – 52 Сырдария ауданында – 8 Арал ауданында — 2.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *