Елімізде «Қазақ тілі» күні аталып өтті (ВИДЕО)

1721

9 сәуір — Қазақ тілі күніне орай «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының бастамасымен және Қазақ тілі қоғамының қолдауымен жарияланған «Тілім менің» өлең оқу, күй тарту, ән және мақал айтудан жарияланған эстафета жалғасын тапты.
Елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған эстафетаға қатысуға 55 үміткер өтініш білдірді. Елімізде орын алған індетке байланысты қашықтық форматта әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған аталған байқау желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. Өнер эстафетасына жақын шетелдерден, атап айтқанда, Өзбекстан мен Моңғолияда тұратын қаракөз бауырларымыз қатысуға өтініш білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады.

Жалпы бұл байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен мектеп оқушылары мен мұғалімдер, кітапханашылар, ақындар, қоғам белсенділері, ғалымдар, студенттер мен жас өрендер қатысуда.
Фейсбук желісінде жарияланған аталған байқауда Моңғолиядағы қазақ жастарының атынан жолданған эстафетаға жұртты тәнті етті. Елге құттықтау арнаған қос өреннің бейнежазбасы небары 2-3 сағаттың ішінде екі жарым мыңнан астам қаралым жинап, алғашқы орыннан көрінді.
Эстафетаны ұйымдастырушылар Мемлекеттік тіл күніне орай ұйымдастырылған Өнер эстафетасына қатысқан әрбір қатысушы естелік сыйлықтармен марапаталатынын айтты.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған  шараның бас демеушісі «Меценаттар клубы» болып табылады. Өз кезегінде ұйымдастырушылар Қазақ күнтізбесінде белгіленген осынау айтулы күннің жыл сайын дəстүрлі түрде аталып өтілетінін айтты.

 





ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *