Алматыда коронавирустың таралуы бәсеңдеді

363

Өзін-өзі оқшаулаудың арқасында коронавирус жұқтырғандар саны көбеймей отыр. Бұл туралы Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

«Ешкім карантинді тоқтатқан жоқ. Шараларды да ешкім тоқтатпады. Бүгінде науқастар азаюының негізгі себебі: өзін-өзі оқшаулаудың пайдасы әлемде бірінші орында. Барлық адам өзін-өзі оқшаулап, карантин режимін сақтап отырғаны, менің ойымша, аурудың төмендеуінің негізгі себебі», — деді ол Almaty телеарнасының эфирінде аурулар саны көбеймесе де, карантин режимін сақтау керек пе деген сұраққа жауабында.

Бұған дейін Айзат Молдағасымова науқастардың жағдайы туралы айтып берген еді.
Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 764 адамға жетті. 55 науқас сауығып шықты, 7 адам қайтыс болды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *