Алматы маршруттарына қосымша автобустар шығарылады

308

Қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағымына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Карантиннің күшейтілген режиміне қарамастан, талдау нәтижесі жекелеген бағыттарда жолаушылар ағымының өсуін көрсетті. Сондықтан 9 сәуірден бастап 57 маршрутқа 2 қосымша маршрут қосылды, 10 сәуірден бастап тағы 2 автобус іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 10 сәуірден бастап 92, 29, 141, 118, 106, 38 маршруттарға қосымша жылжымалы бірліктерді іске қосу күтілуде.

Сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында қалалықтарды үйден шықпауға, автобусқа бетпердесіз және автобус іші 40 пайызға толы болған жағдайда кірмеуге шақырамыз, қоғамдық көлікте жол жүргеннен кейін міндетті түрде қол жуу керек екендігін ескертеміз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *