Қазақ футболы көш соңында

255

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтінгінің жүздігіне енбеді.

Халықаралық футбол федерациясының 9 сәуірде жариялаған рейтінгінде Қазақстан құрамасы 118-ші орында қалды. Үздік ондық еш өзгерген жоқ. Бірінші орында Бельгия, екінгі орында қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасы және үшінші орында Бразилия құрамасы тұр.

Айта кетейік, ФИФА рейтингі енді 11 маусымда жаңартылады. Михал Билек шәкірттері 27 наурызда Литвамен, үш күннен кейін Армения құрамасымен ойнау керек болатын. Алайда бұл кездесулер коронавирус індетіне байланысты өтпейтін болды.

Жарытып өнер көрсетпейтін Қазақстан құрамасының ойыншылары карантин кезінде жалақыларының жартысынан қағылуы мүмкін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *