Дені сау ұрпақ дүниеге келді

447

Қызылорда қаласының коронавирус жұқтырған тұрғыны дүниеге әкелген сәбиге жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті. Ресми ақпарат coronavirus2020.kz порталында жарияланды.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», — деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, кеше Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып,салмағы 2970,0 грамм, бойы 51 сантиметр сәбиді дүниеге әкелген болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *