ҚХР дәрігерлері Қытай үкіметі миссиясы аясында ҚР ДСМ ҚДСҰО ТЖ жөніндегі Оперативті орталығына келді

255

Бүгін 10 сәуірде ҚХР дәрігерлері Қытай үкіметі миссиясы аясында ҚР ДСМ ҚДСҰО ТЖ жөніндегі Оперативті орталығына келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы баспасөз-хабарлама қызметі хабарлайды.

Оперативті орталығына келу барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласының докторы Jiang Atai Talifu, сондай-ақ пульмонолог дәрігер Qui Guangfeng Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдаймен және жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Қытай әріптестері ҚР-дағы COVID-19 ахуалына қатысты ақпаратты жинау және өңдеу жұмыстары үшін бүкіл елден тартылған эпидемиолог дәрігерлердің жұмысына жоғары баға берді.
ҚР ДСМ ҚДСҰО директоры Дамир Көбжасаров атап өткендей, ТЖ жөніндегі Оперативті орталық қазіргі уақытта коронавирус бойынша деректерді жинақтап, өңдейтін орын болып отыр, оған қоса жынысына және жасына қарай сырқаттанғандар мен байланыста болғандардың саны, бір күн ішінде және жалпы жазылғандар саны және тағы басқа мəселелер жөнінде жедел және өзекті ақпарат беруде.
Қытай әріптестерінің сапары аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ базасында ҚХР-дан келген барлық дәрігерлердің қатысуымен жаңа коронавирустық инфекцияны клиникалық диагностикалау, емдеу және таратпау бойынша жедел және тиімді шараларды қолдану жөнінде өздерінің бірегей тәжірибесін таныстыру үшін ауқымды онлайн-конференция ұйымдастырылды.
Доктор Лу Чен 7-ші басылыммен шыққан ҚХР-дағы жаңа коронавирус тудырған пневмонияны диагностикалау және емдеу жөніндегі нұсқаулықты көрнекі түрде таныстырды.

Сонымен қатар ауруға күдік тудырған пациенттерді қарау процедурасы, сондай-ақ аурудың өзін емдеу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *