Автобустардың жеткіліксіздігі белсенді қоғам өкілдерінің наразылығын тудырды

335

Мемлекет қоғамдық денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдаған шаралар, азаматтардың күнделікті өміріне түбегейлі өзгерістер енгізгені мәлім.

Соңғы уақытта Ақтөбе облысының қоғамдық көліктерімен байланысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жиі көтерілуде.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 10 сәуірі күні облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ өкілдері көлік инспекциясы және Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығындағы қоғамдық көлік қозғалысына бірлескен мониторинг жүргізді.

Мониторинг күннің алғашқы жартысында, таңғы сағат 7 мен 9 аралығында жүргізілді. Яғни, аталған уақыт аралығында қоғамдық көлікті пайдаланушы тұрғындардың ең көп саны байқалады.

Бірлескен мониторинг көрсеткендей, 40 мыңнан астам халқы бар «Нұр-сити» тұрғын үй алабында таңертең жұмыс орындарына жетуге тырысқан бұқара қоғамдық көліктің жеткіліксіздігімен тап болуда.

Әлемдік пандемия өршіген тұста адамдардың жаппай жиналуы орасан зор қиындыққа душар қылуы пара-пар.

Арнайы мониторингтік топ өкілдері байқағандай, бөлінген 5-ақ автобус халық тығыз қоныстанған ауданнанның азаматтарын тасымалдау үшін жеткіліксіз. Бүгінде автобустар жолаушыларды толық жүктеме жағдайында тасымалдауда, тиісінше инфекцияның таралу қаупі артады.

Мониторинг барысында арнайы мониторингтік топ мүшелерінің өтініші бойынша ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі С.К.Ідірис «Ақтөбе қ. ЖАК» ЖШС басшысымен аталған мәселеге байланысты бірқатар телефондық келіссөз жүргізді.

Алайда, кәсіпорын басшысы «Нұр-сити» тұрғын үй алабына қосымша автобустарды бөлу жөніндегі өтініштен, экономикалық тұрғыдағы тиімсіздікті алға тартып, бас тартты.

«Төтенше жағдайда азаматтарымыздың денсаулығы қандай да бір экономикалық пайдадан маңызды деп ойлаймыз. Кәсіпорын басшылығы осындай қиын уақытта біздің тұрғындарға қолдау көрсетеді деген үміттеміз. Мониторинг қорытындысы бойынша қала билігіне таңғы және кешкі уақытта автобустардың санын көбейту бойынша шаралар қабылдау жөнінде өз ұсыныстарымызды береміз», — деп атап өтті АМТ басшысы Тәттігүл Талаева.

Өз кезегінде, өңірлік арнайы мониторингтік топ азаматтарды жалпы қоғамның игілігі үшін мемлекетпен белгіленген шектеулерді сақтауға шақырады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *