Димаш Құдайберген Джек Маға алғыс білдірді

1391

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

 «Расында да бүкіл әлем елдеріне көмек көрсеткен жүрегі кең, мейірімді адам. Бүгінде ол Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Африка елдеріне көмектесіп жатыр. Менің елімді де осы тізімге қосқаныңыз үшін рақмет сізге, Джек ма! Барлығы аяқталып, мейрам күндері және концерттерде ғана көрісеміз деп сенемін!», — деп жазды Димаш.
Фото: AP



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *