Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны артады

440

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі комитеті коронавирустың шектік деңгейіне қатысты еліміздің ғылыми орталықтарының болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп таралуы сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.

Комитет басшысы Людмила Бюрабекова ғалымдардың болжамына сәйкес, елде вирус жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асады деп мәлімдеді. Болжам бойынша, бұл мөлшерге Қазақстан сәуірдің соңында немесе мамыр айында жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осындай болжамды Елжан Біртанов айтқан болатын. Денсаулық сақтау министрі сәуір-мамыр айларында Қазақстандағы коронавирус індетін жұқтырғандардың жалпы саны 3500 адамнан асады деп болжам айтқан болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *