Алматыда №12 клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды

304

Алматыда №12 орталық қалалық клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды, — деп хабарлады бүгінгі брифингте Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

«Бүгін 12-ші аурухана толығымен карантинге алынды. Олар енді науқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», – деді Айзат Молдақасымова.

Бұған дейін  Алматыда бір тəулікте 27 медицина қызметкері коронавирусты жұқтырғаны белгілі болғанын, олардың 21– і әйел және 6 ер адам, араларында бір жүкті әйел бар екенін айтқан болатынбыз. Медицина қызметкерлерінің екеуінің жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты – ауыр, қалған адамдардың барлығында – қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *