BMW дизайнері бетперде ұсынды

449

BMW компаниясында жұмыс істейтін ресейлік Евгений Маслов есімді автокөлік дизайнері Bumask жобасын жарыққа шығарды. Өз сайтында автор үйде отырып-ақ жасауға болатын бетперде үлгісін көрсетті.

Картоннан жасалған бетперденің ішкі сүзгіге арналған бекіткіштері, тұмшалауға және адамның бет жүзіне бейімдеуге арналған элементтері мен мұрын аймағында желдеткіш саңылаулары және бау тағатын бірнеше тесігі бар. Сүзгіден өткізетін материал рөлін қағаз сүрткіш, мата не қабатталған дәке атқарады. Оны екі-үш сағат сайын ауыстырып отыру қажет, ал бетперденің өзін 6-8 сағат пайдаланасыз. Ал егер ол бионейтральді пластиктен жасалса, бірнеше рет қолдануға болады. Бірақ міндетті түрде залалсыздандыру керек.

Алайда Евгений ұсынған пайдалы оригамиді жасау жаппай етек алады деп айту қиын. Себебі бір реттік медициналық бетпердеге қолы жетпеген халықтың басым бөлігі оны баяғыда-ақ қолдан тігіп алған. Тағы бір айта кетерлігі, дизайнерлік өнім F-117 ұшағы мен лорд Вейдердің дулығасын еске салады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *