Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың отбасына және туыстарына көңіл айтты

344

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қайраткері, даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Бекет Сапабекұлы ұзақ жылдар бойы елімізде спорт саласын өткендету жолында еселі еңбек етіп, құрметке бөленген еді. Әсіресе, қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген білікті бапкер ретінде есімі ел тарихында қалатыны анық. Салмақты да сабырлы мінезімен өз ортасына сыйлы болды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Сөз соңында Мемлекет басшысы оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *