Нұр-Сұлтанда 11 ұйым карантиннен алынды

120

Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды. Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды қала əкімдігінің баспасөз қызметі.

Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды.

16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания. Бұл аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады.

Қазақстанда коронавирустан сауығып кеткендердің саны 203 адамды құрайды,оның 110-ы-Нұр-Сұлтан қаласында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *