1,3 миллионнан астам қарыз алушының төлем мерзімі кейінге шегерліді

290

1,3 миллионнан астам қарыз алушы қарыздары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырды және 60-қа жуық кәсіпкер жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халыққа және бизнеске қолдау көрсету жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда. 2020 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 518 071 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 505 960 жеке тұлға банк қарызының төлемдері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді. 12 111 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік ұйымдарға төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтініш берді.

Төлемдерді тоқтата тұру туралы мақұлдау 1 350 529 қарыз алушыға жасалды, оның ішінде 1 340 707 – жеке тұлға, дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 9 822 ШОБ субъектісі. Қалған өтінімдер қаралып жатыр және 10 жұмыс күнінің ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректерге сәйкес, 2020 ж. 14 сәуірдегі жағдай бойынша  12 екінші деңгейлі банкке шағын және орта бизнес субъектілерінен және дара кәсіпкерлерден  167 231 млн теңге сомаға 634 өтінім түсті, оның ішінде 32 632 млн теңге сомаға 56 қарыз мақұлданды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *