Карантин кезінде қанша көлік онлайн тіркелді?

340

Елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО жабылған соң, көлікті қайта тіркеудің жалғыз жолы egov.kz порталын пайдалану болды.

«ҰАТ» АҚ мамандары хабарлағандай, қызмет түрі іске қосылған 2018 жылдан бері 63 325 автокөлік онлайн тіркелген.

Олардың 18 535 данасы 2020 жылы рәсімделді. Бірақ карантин кезінде онлайн рәсімдеу күрт төмендеп кетті. 19 наурыз бен 13 сәуір аралығында 2 310 көлік қайта тіркелсе, бүкіл ХҚКО жұмысын тоқтатқан 26 наурыздан бастап ел бойынша тек 1 973 машина тіркелді.

Биылғы наурызда жалпы саны 80 647 көлік есепке қойылды, олардың 73 411 данасы қайта рәсімделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27.7 %-ға төмен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *