Өткен түнде су басу бойынша 16 жағдай тіркелді

376
Алматы қаласының əкімдігі 15 сәуірдегі жауын-шашынның салдарынан су басу қаупін жою бойынша ақпарат берді.
Мегаполисте жауын-шашын жауу кезінде су басудың алдын алу және оны жою мақсатында 2020 жылдың 14-15 сәуірі аралығында мердігерлік ұйымдар мен аудандық әкімдік қызметкерлерінің күшімен тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

Өткен түнде су басу бойынша 16 жағдай тіркелді. Соның ішінде 13 аула аумағы мен 3 көшені су басты.

Сондай-ақ, Жетісу ауданына тиесілі Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшелернің қиылысында апатты жағдайда тұрған ағаш құлап, жолды басып қалды. Қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері апаттың салдарын жойды.
Түнгі уақыттағы жұмыстарға 164 адам, 99 бірлік арнайы техника және 31 мотопомпа жұмылдырылды.

Таңертеңнен бастап суды бөгетсіз өткізу және ағызуды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру үшін 779 адам, 276 бірлік арнайы техника және 32 бірлік мотопомпа іске қосылды.

Барлығы 880 дана құм салынған қап қолданылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *