Алматыда 2345 литр күмәнді дезинфекция өнімі анықталды

334

Алматы полициясы мегополисте күмәнді дезинфекция өнімін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Алмалы ауданының аумағында жеке үйлердің бірінен сұйықтық құйылған 469 бөтелке табылып, тәркіленді. Дезинфекция өнімнің жалпы көлемі 2 345 литрді құрайды.

«Иесінің өзі түсіндіргендей, ол осы өнімді досынан қалада сату үшін алған. Алайда оның тиісті құжаттары жоқ. Кейбір канистрлерде жапсырмалар да жоқ. Өндіру әдісі мен химиялық құрамы да белгісіз. Осыған байланысты, біз, өз міндеттерімізге қарай шаралар қабылдадық. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жинаған материалдар Алматы қаласы бойынша ДЭР-ге тапсырылды. Әрине, заңдылық принципі бірінші кезекте келеді, ал, егер бұл сұйықтықтың антисептикалық қасиеттері болмаса, оны қазіргі уақытта сату – тек тұтынушыны алдау ғана емес, жасырын қылмыс. Бұл өнім әр түрлі химиялық қоспалармен дұрыс емес пропорцияда қолмен жасалған жағдайда өндірілсе, ол тіпті зиян. Енді осы мәселемен «сұйықтық» иесінің іс-әрекетін дәл анықтайтын тиісті органдар айналысады», – деді, Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *