Болашақ жолы — ҚазҰУ!

219

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы көп салалы жоғарғы оқу орны болып табылады. Университеттің 85 жылдан аса тарихы бар. Қазіргі таңда университетте 25000 –нан астам студенттер, магистранттар мен докторлар білім алуда. Университетте 16 факультет, 32 ғылыми – зерттеу институты, сонымен қатар, қатардағы жауынгерлерді даярлайтын әскери кафедра бар. Студенттердің жан-жақты дамуына ықпалын тигізетін, білімділікпен қатар қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын студенттер үшін: КТК (КВН), «ҚазҰУ Хабаршысы», театральды жиындар, интеллектуалды ойындар, би ансамбльдері және тағы да басқа ұйымдар белгілі.
Аса үлкен мақтанышпен университет қалашығын (ҚазҰУ қалашығы) айтуға болады, бұл жерде білім алуға және бос уақытты тиімді өткізуге толығымен мүмкіндік жасалған, атап айтсақ, жаттығу бөлмесі бар спорттық кешен, спорттық алаңдар және 5 мың көрерменге арналған стадион, бассейн, интернет орталығы, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», 2 миллионға жуық кітаптық қоры бар, жыл сайын 40 – 45 мың дана жаңа басылыммен толықытырылатын кітапхана және тағы да басқа орталықтар бар.

«QS World University Rankings» халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеулерінің нәтижесі бойынша ҚазҰУ бірнеше оқу орындарының арасында үздік 100 орынға ие болды. Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінің QS University Rankings рейтінгісінде ҚазҰУ үздік 10 қатарына кіріп отыр. Екі рейтинг бойынша да ҚазҰУ Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының арасында ең үздік көрсеткішке ие. Сонымен қатар, мемелекетіміздің барлық оқу орындарының арасында ҚазҰУ QS Stars — «Төрт жұлдыз» белгісіне алғашқы болып қол жеткізіп отыр. QS GRADUATE EMPLOYABILITY RANKING түлектердің жұмыспен қамтамасыз етілу рейтінгісінде үздік 500 университеттер арасында 251 орынға орналасқан.
АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Финляндия, Жапония және т.б. мемлекеттердегі шетелдік серіктестермен біріге отырып 56 ірі халықаралық ғылыми жобалар жасалуда. ҚазҰУ дүние жүзіндегі үздік университеттерімен екі дипломдық оқытуды белсенді түрде дамытып отыр. Жыл сайын мыңнан астам шетелдік студенттер мен мұғалімдер оқу орны және ғылыми тәжірибе алмасу орын ретінде ҚазҰУ таңдап отыр.

Ғылыми – инновациялық зерттеулерді дамыту жағынан өте көптеген жұмыстар атқарылып отыр. Университетте Қазақстанның басқа жоғарғы оқу орындарында кездеспейтін, ғылыми – зерттеу құрылымы бар.
2014 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды — инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ – 2) қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты (ИИДМБ – 2) еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлардың экспорт аумағын кеңейтуге бағытталған, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге кабілеттілігін арттыру болып табылады. Бағдарламаны дамыту жолында көптеген шетелдік жоғарғы оқу орындары және отандық өндіріс орындарымен нәтижелі қарым – қатынас орнатылып отыр. Мақсаттың сәтті орындалуының көрсеткіші ретінде, осы бағдарлама (ИИДМБ – 2) аясында «5М072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту жүзеге асырылып отыр. Бағдарламаның іске асуының бір мысалы ретінде, осы мамандық бойынша оқып жатқан және әл – Фараби атындағы ҚазҰУ мен Марсель Технологиялық Университетінің MADIREL лабораториясы (Марсель қаласы, Франция) арасындағы келісімнің шарттарын орындап жатқан Джекшембеккызы А. магистранттың оқытылуын айтуға болады.

MADIREL лабораториясы 3 бағытта зерттеулер жүргізеді: наноұнтақтар мен кеуекті заттардың қасиеттерін анықтау; конденсацияланған фаза мен тасымалдаушы арасындағы интерфейс және материалдарды зерттеу электрохимиясы.
MADIREL лабораториясында 3 аптаға созылған тәжірибелік оқыту барысында шетелдік оқытушылар зертханадағы заманауи құрылғылар көмегімен ғылыми зерттеулерді жүргізудің жолдарын, құрылғыларда жұмыс жасаудың реттілігін үйреткен. Магистранттың диссертациялық жұмысының тақырыбы – «құрамында молибдені бар тұрақты наноұнтақтарды алу» болып табылады. Құрамында молибдені бар ұнтақтар, химиялық өнеркәсіпте, мұнайхимия өнеркәсіптерінде катализатор ретінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, молибден наноұнтақтары ұнтақты металлургияда қолданылады. Макроұнтақтардан жасалатын бөлшектер, оларды өңдеу барысында өте жоғары температураларды (1800 — 2000◦С) талап етеді, сәйкесінше, бұл өндірістегі жоғары шығындарға алып келеді, себебі көп қаражатты қажет ететін қондырғылар талап етіледі. Өңдеу температурасын төмендету және наноұнтақтардың жақсы бірігуін қамтамасыз еті үшін, Ni, Pt, Pd және Со сияқты металдарды қосу ұсынылған. Дегенмен, бұл элементтерді қосу алынған бөлшектердің электрлік және жылулық қасиеттерін төмендеткен. Сондықтан, қазіргі таңда, бұл мақсатта молибденнің наноұнтақтарын қолданады, ол өз кезегінде өңдеу температурасын 100 есеге дейін төмендетуге және алынған бөлшектің беріктігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұнтақтар металлургиясында болаттар мен құймалардың бетін қаптау да кең тараған. Мысалы, молибден ұнтағымен алюминий мен оның құймаларын қаптау, жеңіл, төзімді және арзан материал алуға мүмкіндік береді.

ҚазҰУ химия және химиялық технология
факультетінің доценті Ақмарал Исмаилова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *