54 курсант коронавирус жұқтырған

237

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 54 курсанты коронавирус індетіне шалдыққан. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

«Бастапқы кезеңде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 14 курсантынан коронавирус белгілері анықталды. Кейін жүргізілген талдау нәтижелері бойынша олардың саны 54-ке жетті. Олардың барлығы инфекциялық ауруханаларда. Барлығының жағдайы қанағаттанарлықтай », — деді Тілеухан Әбілдаев




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *