Дариға Назарбаева Пасха мерекесімен құттықтады

546

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар!Жарқын Христос мерекесін атап өтетін барша қазақстандықтарды, православ христиандарын шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Пасха мерекесі дін жолындағы миллиондаған жандарды біріктіреді, олардың мыңжылдық дәстүрлерін паш етіп, адамдардың жүректерін қуаныш пен үмітке, жарқын өмірге деген сенім мен сүйіспеншілікке толтырады, игі істер мен ізгі ниеттерге рухтандырады. Бүгінгі таңда Қазақстанның Православие Шіркеуі конфессияаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, бүкіл қазақстандық қоғамда бірлік, тұрақтылық пен тұтастық сақтауға зор үлес қосып келеді. Осындай ауқымды әрі сан қырлы істер аса маңызды және шексіз құрметке лайық. Осы жарқын күнде сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен тыныштық болсын!», — делінген құттықтуда.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *