Алматыда коронавирусқа қатысты 45 мың тест өткізілді

301

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров бейнекездесу режимінде зертхана басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.

Алматыда COVID-19 тест алатын алты ірі зертхана бар. Олар Ұлттық сараптама орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, М. Айқымбаев атындағы қазақ аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, сондай-ақ Қазақстан-Корей клиникасы мен «Олимп» КДЗ. Кеңес барысында, қала әкімінің орынбасары зерттеу материалын алумен айналысатын медициналық бригадалардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және зертханалардың ақпараттық жүйелер интеграциясы арасында жұмысты өзара үйлестіруді күшейту міндеттерін белгіледі. Бұдан өзге мегаполис тұрғындары үшін тестілеудің қолжетімділігін, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, оның ішінде нәтижелерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

«Біздің міндетіміз – тестілеу арқылы инфекцияның жасырын ошақтарын жедел және дер кезінде анықтау, оларды уақытылы оқшаулап, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың жағдайын одан әрі бақылауды қамтамасыз ету», – деді Ержан Бабақұмаров. Сондай-ақ, ол мемлекеттік және мемлекеттік емес зертханаларға қаламен бірлесіп жасап жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді. Бүгінде Алматыда шамамен 45 мың тест өткізілді. Солардың ішінде 29 мыңы ПТР тест және 16 мыңы экпресс-тест.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *