Елордада Сығанақ көшесіндегі үй карантинге жабылды

340

Елордада тағы бір үйдің кіре берісі карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Сығанақ көшесінің бойындағы 16 қабатты 5-ші нөмірлі үй.  Мұнда ешкімді кіргізіп, шығармайды. Лентамен қоршалған. Сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағының өкілдері алаңды толық бақылап тұр. Дегенмен, сол үйдің астында орналасқан дүкен жұмысын тоқтатпаған. Бұл қаншалықты заңды екені белгісіз. Дүкен иелері сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартқан. Жергілікті тұрғындар ешқандай ескерту жасалмағанын айтады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *