Каспий теңізінің жағалауында өлі итбалықтар табылды

128

Каспий теңізінің жаңалауында өлі итбалықтар табылды. Бұл туралы Эгология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті.

19 сәуір күні Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Түпқараған ауданындағы рейд барысында Қаражанбас кен орны маңындағы бөгеттің аумағында өлі 4 итбалықты анықтады. Сонымен қатар 20 сәуірде Форт-Шевченко қаласындағы Каспий жағалауында тағы бір өлі итбалық табылды. Тексеру кезінде су жануарлары шамамен өткен күзде өлгені белгілі болды. Итбалықтар денесінің қатты бұзылуына байланысты тиісті сынамалар алу мүмкін болмады. Теңіз жағалауы мен судың өзінде өзге өлі итбалықтар анықталмады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *