Талаптарды қатаң сақтауы тиіс

480

Алматыда бүгінен бастап жұмысқа кіріскен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Бүгіннен бастап Алматыда өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылыс нысандары, заңды тұлғаларға арналған ХҚКО-ның қызметі қайта іске қосылды. «Бұл кәсіпорындарға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары бойынша аудит жүргізілді.

Тексеруді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және «Атамекен» ҰКП қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы жүргізеді», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жұмысы жанданған мекемелер жіті бақылауға алынады. Үнемі мониторинг жүргізіледі. Егер бұзушылықтар орын алса, кәсіпорының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданады. Қаладағы барлық өнеркәсіп және құрылыс нысандарындағы жұмысшыларды COVID-19 қорғау бойынша іс-шараның толық тізімі жасалды. Жұмыс берушілер қатаң санитарлық нормаларды сақтауға міндетті. «Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкерлер медициналық тексеруден өтеді. Сонымен қатар, олардың дене қызуы тепловизор арқылы тексеріліп, журналға тіркеу қажет. Барлық қызметкерлер медициналық маска, қолғап, дезинфекциялық майлықтар немесе антисептикпен,санитайзермен қамтамасыз етілуі тиіс. Жиналыстарды қысқартып, адамдардың көп шоғырлануына жол берілмеуі керек.

Сонымен қатар, жұмысшылар қашықтық нормаларын сақтауы қажет. Ғимарат іші үнемі дезинфекцияланып тұруы шарт», — деп атап өтті әкімдік. Айта кету керек, жедел респираторлық инфекциялар (дене қызуы, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да жұқпалы аурулардың белгісі бар қызметкерге жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Бұл жағдайда қызметкерді дереу оқшаулап, жедел жәрдем бригадасын шақыруы керек. Тиісті аудит жүргізгеннен кейін кәсіпорындардың карантин жағдайында жұмыс істеуге дайындығы туралы қорытынды шығады. Содан соң қызметкерлер мен көлік құралдары туралы мәліметтер infoalmaty.kz ақпарат базасына енгізіледі. Ал, қалада жұмысы жанданған кәсіпорындардың тізімін әкімдік сайтынан қарауға болады.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *