Фируза Шарипованың қарсыласы анықталды!

243

Ресми түрде отандасымыз Фируза Шарипованың келесі қарсыласының есімі белгілі болды. Кәсіпқой бокс мәнсабындағы алғашқы жекпе-жегінде ұпай саны бойынша Фируза ресейлік Софья Очигаваға есе жіберген болатын. Өз кезегінде Софья 2016 жылғы Олимпияда ойындарының күміс жүлдесін жеңіп, дәл қазіргі уақытта кәсіпқой бокста IBA тұжырымының чемпиондық белбеуіне иелік етіп отыр. 32 жасар Софья Очигава әлі күнге дейін кәсіпқой рингте жеңілістің ащы дәмін татпаған тәжірибелі спортшылардың бірі.

Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясының мәлімдеуінше, аталмыш спортшылардың қатысуымен өтетін бокс кеші 19 маусымда, Қазан қаласында өтеді деп жоспарланған. Бұл Фируза Шарипованың  бокстағы ең маңызды жекпе-жегінің бірі болмақ. Себебі осыдан 4 жыл бұрын дебюттық кездесуіндегі жіберген есені қайтарудың тамаша мүмкіндігі туындап отыр. 58,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтетін кездесу 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек жеңімпазы IBA тұжырымының чемпионы атанады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *