Қапшағай тұрғындары карантин кезінде пикник ұйымдастырған

244

Қапшағай тұрғындары карантин кезінде пикник ұйымдастырып, ұсталды, деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметі.

Оларға ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. «Өткен кеште қызмет көрсетілетін учаскені патрульдеу кезінде халық арасында «Картодром» деп аталатын жұмыс істемейтін кәсіпорындардың бірінің аумағынан шыққан қатты музыка біздің назарымызды өзіне аударды. Қоршау ішіне кірген біз қатты музыкамен көңіл көтеріп жүрген жастар тобын көрдік, олардың арасында балалар да бар. Төтенше жағдай кезеңінде жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, бұл жерде туған күн атап өтіліп жатқандығы белгілі болды. Тәртіп бұзушылар өз кінәсін түсініп, салтанатты шараның ұйымдастырушысы кешірім сұрады», — деді патрульдік полиция взвод командирі полиция аға лейтенанты Диас Айнақұлов. Ұйымдастырылған пикникке қатысқан бес ересек азаматқа қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, оны сотқа жолдады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *