Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: ОРАЗАДА ОНЛАЙН ХАТЫМ ОҚЫЛАДЫ

1125

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

«ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz инстаграм парақшасы арқылы онлайн режимде Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарымен күнделікті «Батамен ел көгерер» атты дұға жасау рәсімі ұйымдастырылатын болады» — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *