2020 жылы Қазақстанда 2 600 шақырым жол қолданысқа беріледі

196

Үкіметтің селекторлы отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдегендей, биыл Талдықорған — Өскемен, Карағанды — Балқаш — Қапшағай, Қалбатау — Майқапшағай, Мерке — Бурылбайтал, Үшарал — Достық, Ақтөбе — Астрахань, Ұзынағаш — Отар, Петропавл — Ресей шекарасы мен Қостанай — Денисовка жол бөліктері қолданысқа беріледі.

Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2020-2025 жылдары республикалық маңызға ие жолдардың 100 %-ы және облыстық, аудандық маңызға ие жолдардың 95 %-ы жақсы және қанағаттанарлық күйге келтірілмек.

Сонымен қатар, үкімет басшысы ҚР ИИДМ мен «ҚазАвтоЖол» АҚ-на» осы жылы жөнделген 5.7 шақырымдық жол бөліктерінің (Қапшағай — Талдықорған, Қызылорда — Шымкент — Тараз, Нұр-Сұлтан — Павлодар және басқа) уақтылы қолданысқа берілуін және ақылы режимге көшірілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *