Салықтан жарты жылға босатылды

430

Бөлшек сататын дүкендер, автосалондар мен ТЖО салықтан жарты жылға босатылды.

ҚР үкіметінің тиісті қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру үшін жасалатын төлемдерден мынадай кәсіппен айналысатындар босатылады:

автокөліктерді не жеңіл көліктерді бөлшек саудалау;
автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
автокөлік бөлшектерін, тораптарын және жабдықтарын бөлшек саудалау;
жүк көлігі және көшу кезінде көмек берумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар мен компаниялар.

Шағын және орта бизнеске арналған карантиндік каникул биылғы жылдың 1 қазанына дейін күшінде болады, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне (жүк тасымалдау қызметінен басқа аталған қызмет түрлерін көрсететін компанияларға) осы жылдың 1 тамызына дейін жеңілдік жасалмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *