Алматыда бүгін қайтыс болған науқас кім?

232

Науқас 1964 жылы туған. КВИ 17 сәуірде анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.

22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды.

Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады.

30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады.
Сағат 07:00-де биологиялық өлімді анықталды.

Қорытынды диагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *