Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады

388

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады, — деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Ораза айының келуімен құттықтаймын!
Бұл – айлардың ұлығы, барша мұсылман қауымын тазаруға бастайтын, сенімін нығайтып, рухани тұрақтылықты шыңдайтын уақыт.
Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді. Қазіргі қиын кезде Ораза қуаныш пен бақыт сыйлайды, тыныштық пен сабыр береді, сенімді нығайтады деп үміттенемін.
Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының Төрағасы
Д.Н.Назарбаева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *