Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жектері үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды

439

DAZN стримингтік сервисінің Геннадий Головкинға компаниямен келісімшарт аясында өткізген жекпе-жек үшін қанша ақша төлейтіні белгілі болды.

Boxingscene.com тілшісі Кит Айдектің жазуынша, DAZN қазақстандық боксшыға әрбір жекпе-жегі үшін 15 миллион доллар төлеген.

Еске сала кетсек, Головкиннің DAZN платформасындағы алғашқы айқасы есімі елге белгісіз канадалық боксшы Стив Роллспен өтіп, төртінші раундта GGG қарсыласын нокаутқа жіберген. Екінші жекпе-жегін орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атану үшін Украиналық боксшысы Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген. Төрешілердің ортақ шешімімен, бұл жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *