Алматы қаласы бойынша коронавирусқа байланысты соңғы ақпарат

471

Алматы қаласында 25 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 791 расталған жағдайы тіркелді.
Жаңа жағдай бойынша 27 адам жұқтырған, олардың барлығы бұған дейін ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар, яғни, атап айтқанда провизорлық госпитальдарда карантинде жатқан.
Олардың арасында 13 әйел адам және 10 ер адам бар. Сондай-ақ, жаңадан анықталғандардың арасында екі, бес және он жастағы үш ұл, сондай-ақ 4 жастағы қыз бала бар.
Инфекцияны жаңадан жұқтырған науқастардың ең үлкені – 80 жаста.
Инфекциядан сауығып шыққандар – 90, оның ішінде алтауы бала.
Алматы облысынан бір науқасты қоса есептегенде Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 694 науқас бар.
Бір науқастың жағдайы өте ауыр болса, 23 науқаста ауыр, 200 адамның жағдайы ауырлықтың орташа деңгейінде болса, қалғандарында –қанағаттанарлық.
Провизорлық орталықтарда барлығы 485 адам бар, оның ішінде 11-і бала, карантиндік оқшаулауда 506 адам отыр, ал үй карантинінде 11128 азамат бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *