Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 30 миллион доллар бөледі

269

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаржы құюын тоқтатқан соң, Қытай билігі 30 млн доллар бөлетін болып шешті.

Күншығыс елі одан бұрын коронавируспен күреске 20 млн доллар бағыттаған. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі: «Қаржыландыру арқылы ұйымға деген сенімді білдіргіміз келеді», — деді.

Еске салсақ, өткен аптада Америка президенті Дональд Трамп халықаралық ұйымды Қытайға жұмыс істейді деп айыптап, ақша бөлуін тоқтатқан. Осы уақытқа дейін тек Пекиннің сойылын соғып, коронавирустың қауіпті екенін күні бұрын айтпады деп сөкті. Ұйымға АҚШ жыл сайын 400-500 млн доллар, ал Қытай небәрі 40 млн доллар жұмсайтынын да еске салды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *