Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты

139

Фото: kansashealthsystem.com

Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты. Бұл туралы 25 сәуірде америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді.

Университет мәліметтері бойынша, COVID-19 індетінен әлемде 202 092 адам қайтыс болған. 810 мың адам вирустан құлан таза айықса, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 2 881 546-ға жеткен.

 Коронавирус ең көп тараған он ел:

АҚШ — 926 442 адам вирус жұқтырған, 52 мың адам қайтыс болған,

Испания — 223 759 адам вирус жұқтырған, 22 902 қайтыс болған,

Италия — 195 351 адам вирус жұқтырған, 26 384 қайтыс болған,

Франция — 159 952 адам вирус жұқтырған, 22 614 қайтыс болған,

Германия — 155 782 адам вирус жұқтырған, 5 843 қайтыс болған,

Ұлыбритания — 149 559 адам вирус жұқтырған, 20 319 қайтыс болған,

Түркия — 107 773 адам вирус жұқтырған, 2 706 қайтыс болған,

Иран — 89 328 адам вирус жұқтырған, 5650 қайтыс болған,

Қытай — 83 901 адам вирус жұқтырған, 4 642 қайтыс болған,

Ресей — 74 588 адам вирус жұқтырған, 681 қайтыс болған.

Tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *