«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатысушылары бейнеролик түсірді

368

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үш маусымының қатысушылары карантин кезеңінде қазақстандықтарды қолдап, бейнеролик түсірді.

 2017-2019 жылдардағы жоба финалистері әлеуметтік желілерге бейнеролик дайындап, коронавирустық инфекциямен күресуде алдыңғы қатарлы адамдарға алғыс айтып, қолдау көрсетіп, өзін-өзі оқшаулау кезінде уақытты қалай өткізетінін айтып, қазақ тіліндегі шығармалардан үзінділер оқып, өз білімін жетілдіру курстарымен бөлісті.

«100 жаңа есім» жобасы 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бастау алды. Онда мәдениет, спорт қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер, медиа өкілдері және басқа да бірқатар бағыттар қамтылды. Олардың табыс тарихы жаңа ұрпақты мақсат қоюға, оған жетуге ынталандыруға бағытталған.

Бұл жоба бүгінде өңірлік және мемлекеттік деңгейде жалғасын табуда.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *