Lexus GS-тің соңғы сериясы қандай?

217

ES моделі GS-ті құрдымға жіберді. Көпшіліктің таңдауы шағындау үлгіге түскендіктен, GS-тің тарихына нүкте қойылмақ.

Жапонияда Eternal Touring сериясының бағасы 28.5 млн теңгеден басталады. “Соңғысының” стандартты үлгілерден айырмашылығы – радиатор торы және 19 дюймдік жеңіл дискілер. Көліктің салоны былғарымен және алькантарамен қапталып, жарықдиодты шамдар орнатылған және көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі бар.

АҚШ нарығы үшін Lexus GS Black Line ұсынылды.Оның әрлену деңгейі Eternal Touring үлгісіне ұқсайды. Көлікке күңгірт радиатор торы, қара түсті дөңгелек дискілері орнатылған. Көліктің бағасы жайлы ақпарат жоқ. Бірақ оның 200 данасы шығарылытыны белгілі. Lexus GS өндірісі тамыз айында тоқтайды, ал көлік сатылымы келесі жылға дейін созылуы мүмкін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *