ЕЛОРДАДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ!

739

Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада ҰОС 44 ардагері бар. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам) біржолғы төлем беріледі.

Ал соғыс жылдарында қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) беру қарастырылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *