Балабақша ұжымы көпбалалы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін үлестірді

542

Президент Қасымжомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Алматы қаласы Алатау ауданындағы 37- бөбекжай-балабақша ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін үлестірді. Сонымен қатар, дәл қазіргі сәтте өте қажет саналатын бетперделер де берілді. Бұл жолы балабақша ұжымы он екі отбасынв көмек көрсетті. Ал, қажетті азық-түлікті үлестіруге көмектескен еріктілердің де қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Оларға да қорғаныш костюмдері мен бетперделер берілді. Осындай ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде балабақша ұжымы да қолдан келген көмектерін аянып қалмайды. Өйткені, еліміздің көркеюіне әрқайсымыз атсалысуымыз керек!

Айнұр Әлімбаева,

Алматы қаласы Алатау ауданы 37-бөбекжай-балабақша меңгерушісі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *