Әліпбидегі әріптердің орналасу реті туралы не білесіз?

1011

Жаңа жазу жүйесін құру кезінде (егер бұл процесті әліпби деңгейінде қарайтын болсақ), мәтінді дұрыс оқу үшін әліпбидің реті мен  орны, бір сөзбен айтқанда номинация жүйесі талқыланып, жазба дәстүрді сақтайтын әліпби  тұжырымдамасы әзірленетіні белгілі.  

Әліпби түзуде ең алдымен әріптердің жалпы құрамы мен оның орналасу ретін анықтау  аса маңызды.  Тіл білімінде  әріптерді белгілі бір тәртіппен орналастырудың  белгілі бір деңгейде  қатып қалған   негіздемесі жоқ.  Бірақ  жазба тілдің белгілі бір стандартты құрылу керектігімен байланысты  әліпбидің  реті  тіл білімінде белгілі бір жүйеге негізделеді. Олар: мнемоникалық, фонологиялық және  дәстүрлі деп аталатын жүйелер.

Мнемоникалық тәртіп бойынша әріптер тұтас  атау бойынша, яғни фразалық тұтасқан атауы  негізге алынады. Яғни мнемоникалық жүйе әліпби тарихымен байланысты қарастырылады.    Мысалы,  кирил  әліпбидегі  жеке әріптердің  атауы а – аз, б – буки, в – види, д – добро, л – люди, ф – ферт, фита, т – твердо, м – мыслете, н – наш, п – покой  түрінде болған. Сонымен мнемоникалық жүйеде әліпбидегі әріптер тұтас атауы негізге алынады.   Қазіргі кезде  тұтас атау емес,  дыбыстық тілге сәйкес келетін ең кіші бірлік қана әліпбиде орын алады.  Әріптердің  тізбектелу ретінің келесі  түрі  – фонологиялық. Фонологиялық жүйе бойынша әліпбидегі мағына ажырататын  фонемалар  өзара  оппозициялық  белгілері арқылы анықталып, фонологиялық арақатынас моделін құрады. Фонологиялық тәртіп бойынша  дауысты және  дауыссыз дыбыстар жеке-жеке  жікке бөліне отырып қарастырылады.  Белгілі грамматолог ғалым А.А. Волков[1]  әліпбидегі фонологиялық реттілікті,  дыбыстардың фонологиялық жіктеліміне байланысты  қарастыра отырып,  девинагари әліпбиінің реті  фонологиялық жүйе арқылы іске асқан деп, мнемоникалық  және фонологиялық тәртіптілік  әріптердің  тізбектелуінің дәстүрлі формасының тууына негіз болған дейді.  Жалпы ғалымның  тұжырымдамасынан әріптердің дәстүрлі реттілігі әрбір  дыбыстық бөлшектің  микроэлементін негізге алынуында дегенді түсінуге болады

Әр ұлт тілінің тілдік заңдылығына (фонетика-фонологиялық) немесе   әріптерді меңгерту әдістемесіне,  оның  қолданылу жиілігіне байланысты  әріптердің әліпбидегі реті әртүрлі бекітіледі. Қазақ қоғамында қолданылған жазу түрлерін саралайтын болсақ,  әр кезеңде өмір сүрген әліпбидегі әріптердің реті мен тәртібі әртүрлі берілген.  Бұл әліпби түрімен  (араб, латын)   байланысты екені анық.

Қазіргі  қолданыстағы кириләліпбилі қазақ әліпбиіндегі реттілік бірнеше өзгерістерге ұшырап барып, бекітілгенін байқауға болады. Кирил әліпбилі алғашқы жобада[2] әріптердің жалпы құрамында  айырмашылық болғанымен (жобада  40 әріп берілсе,  бекітілген әліпбиде  41 әріп), реттілігінде   өзгешелік жоқ (төмендегі кестені қараңыз).

 

 

1940 жылғы жоба 1940 жылғы бекітілген әліпби 1957 жылғы әліпби
1 А А А
2 Б Б Ә
3 В В Б
4 Г Г В
5 Д Д Г
6 Е Е Ғ
7 Ж Ж Д
8 З З Е
9 И И Ё
10 Й Й Ж
11 К К З
12 Л Л И
13 М М Й
14 Н Н К
15 О О Қ
16 П П Л
17 Р Р М
18 С С Н
19 Т Т Ң
20 У У О
21 Ф Ф Ө
22 Х Х П
23 Ц Ц Р
24 Ч Ч С
25 Ш Ш Т
26 Щ Щ У
27 Ъ Ъ Ұ
28 Ы Ы Ү
29 Ь Ь Ф
30 Э Э Х
31 Ю Ю Һ
32 Я Я Ц
33 Ә Ә Ч
34 І І Ш
35 Ң Ң Щ
36 Ө Ө Ъ
37 Ұ Ұ Ы
38 Ү Ү І
39 Қ Қ Ь
40 Ғ Ғ Э
41 Һ Ю
42 Я

Жоғарыдағы кестеден 1940 жылғы  әліпбиде орыс  әліпбиінің әріп тәртібі толық сақталып, қазақ тілінің  төл әріптері  әліпбидің төменгі жағына орналастырылған. Бұл кемшілік арада 17 жыл салып қана түзетіледі. 1957 жылы  қазақ орфографиясына біраз өзгерістермен қатар,  қазақ тіліндегі  төл графемалар «фонетикалық вариант» принципіне сәйкес  реттеліп, әліпби реті мен құрамы  түзетілгенін көруге болады. Ендігі кезекте  осы дәстүрлі реттілік сақтала ма? Латынәліпбилі қазақ жазуына көшуде әліпбидегі әріптердің реттілігі қандай  принциптерге байланысты реттеледі  деген  мәселе бар.

Кирилнегізді әліпбидегі әріп реті мен латыннегізді әліпбидегі әріп реті ұқсас болып келеді. Мұның басты себебі, екі әліпбидің шығу тегі грек әліпбиі болуынан.  Әйтсе де  екі әліпбидегі әріп ретінде айырмашылықтар жоқ емес (кестені қараңыз).

Кириләліпбиінің реті Латын әліпбиінің реті
1 А а 1 А
2 Б б 2 B
3 В в 3 C
4 Г г 4 D
5 Д д 5 E
6 Е е 6 F
7 Ё ё 7 G
8 Ж ж 8 H
9 З з 9 I
10 И и 10 J
11 Й й 11 K
12 К к 12 L
13 Л л 13 M
14 М м 14 N
15 Н н 15 O
16 О о 16 P
17 П п 17 Q
18 Р р 18 R
19 С с 19 S
20 Т т 20 T
21 У у 21 U
22 Ф ф 22 V
23 Х х 23 W
24 Ц ц 24 X
25 Ч ч 25 Y
26 Ш ш 26 Z

 

27 Щ щ
28 Ъ ъ
29 Ы ы
30 Ь ь
31 Э э
32 Ю ю
33 Я я

 

Латын графикасына көшкен түркі тілдері тәжірибесін бағдарлайтын болсақ,  түрік, өзбек, әзербайжан және түрікмен әліпбилеріндегі әріп реті латын стандартындағы әріптің тұрпат межесімен сәйкес (әріптің мазмұн межесіне  сәйкес емес) реттелген.  Алайда, W, X, Y, Z таңбаларына келгенде қатаң тәртіп бұзылғанын байқаймыз (төмендегі кестені  қараңыз).  Бірақ   классикалық латынның реттілігінің басым бөлігі  түркі тілдес халықтардың  әліпбиінде сақталған.  Әліпби реті  негізгі тірек  графема, одан кейін  тірек графеманың  диакретика арқылы түрленген  формасы  қатар  берілу арқылы жасалған.  Мысалы,  түрікмен әліпбиіндегі А мен ә  әрпінің әріп кескіні ұқсас болу себебінен, бірінші  тірек графема – Аа, одан кейін –Ääтаңбасы берілген (төмендегі кестені  қараңыз).

 

Классикалық  латын

Түрік әліпбиі

Әзербайжан әліпбиі

Өзбек әліпбиі

Түрікмен әліпбиі

Жетілдірілген әліпби

1.      

А

А а <а>

А а <а>

А а <а>

А а <а>

А а <а>

2.      

 

Ә ә <ә>

Ää<а>

Ää<а>

3.      

B

B b<б>

B b<б>

B b<б>

B b<б>

B b<б>

4.      

C

C c<дж>

C c<дж>

C c<дж>

V v<в>

5.      

 

Ģç<ч>

Ģç<ч>

Chch<ч>

Ģç<ч>

G g<г>

6.      

D

D d<д>

D d<д>

D d<д>

D d<д>

Ğğ<ғ>

7.      

E

E e<е>

E e<е>

E e<е>

E e<е>

D d<д>

8.      

F

F f<ф>

F f<ф>

F f<ф>

F f<ф>

E e<е>

9.      

G

G g<г>

G g<г>

G g<г>

G g<г>

J j<ж>

10.  

 

Ğğ<ғ>

Ğğ<ғ>

G’ g’ <ғ>

Z z<з>

11.  

H

H h<һ>

H h<һ>

H h<һ>

H h<һ>

І і<й, и>

12.  

I

І ı <ы>

І ı <ы>

Y y<ы>

K k<к>

13.  

 

I i<и>

I i<и>

I i<и>

I i<и>

Q q<қ>

14.  

J

J j<ж>

J j<ж>

J j<ж>

L l<л>

15.  

K

K k<к>

K k<к>

K k<к>

K k<к>

M m<м>

16.  

L

L l<л>

L l<л>

L l<л>

L l<л>

N n<н>

17.  

M

Mm <м>

M m<м>

M m<м>

M m<м>

Ŋ ŋ <ң>

18.  

N

N n<н>

N n<н>

N n<н>

N n<н>

O o<о>

19.  

O

O o<о>

O o<о>

O o<о>

O o<о>

Öö<ө>

20.  

 

Öö<ө>

Öö<ө>

O’ o'<ө>

Öö<ө>

P p<п>

21.  

P

P p<п>

P p<п>

P p<п>

P p<п>

R r<р>

22.  

Q

 

 

 

 

 S s<с>

23.  

R

R r<р>

R r<р>

R r<р>

R r<р>

T t<т>

24.  

S

S s<с>

S s<с>

S s<с>

S s<с>

U u<у>

25.  

 

Şş<ш>

Şş<ш>

Shsh<ш>

Şş<ш>

Ūū<ұ>

26.  

T

T t<т>

T t<т>

T t<т>

T t<т>

Üü<ү>

27.  

U

U u<у>

U u<у>

U u<у>

U u<у>

F f<ф>

28.  

V

V v<в>

V v<в>

V v<в>

W w<в>

H h<х>

29.  

 

Üü<ү>

Üü<ү>

Üü<ү>

Şş <ш>

30.  

W

 

 

 

 

Y y<ы>

31.  

X

Y y<й>

Y y<й>

Y y<й>

Ŷŷ <й>

І ı <і>

32.  

Y

Z z<з>

Z z<з>

Z z<з>

Z z<з>

 

33.  

Z

 

 

Х х <х>

Х х <х>

Ŋ ŋ <ң>

 

Жоғарыдағы кестеден байқағанымыздай,  барлық түркі тілдес халықтарының әліпби реті біршама сақталған. Ал  жетілдірілген  қазақ әліпбиіндегі әріп реті  дәстүрлі кирил графикасына негізделген  әліпбидің реттілігімен берілген. Сондықтан жаңа әліпби бекітілу кезеңінде дәстүрлі базалық норманы алға шығарамыз ба, әлде классикалық латын стандартына басымдық береміз бе деген мәселелерді ойластыру қажет.

Қорыта айтқанда, ең алдымен қазақ әліпбиінің  реттілігі латыннегізді стандарт бойынша қарастырылса, түптөркін әліпбидің (латын) әріптерінің мазмұнына сәйкес емес, тұрпатына байланысты  қайта реттелуі керек деп ойлаймыз. Екіншіден,  әріп реті арқылы тілдің лексикографиялық жүйесі көрінеді. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Үшіншіден, әліпбидегі әріп реті  арқылы  математикалық шарттылық, санамалау немесе жіктеу  іске асады.  Бұл білім беруде және  жалпы ақпараттарды  ортақ заңдылықтар бойынша жіктеуде, жүйелеуде аса маңызды.  Төртіншіден, әліпби реті тіл жаттығына сәйкес қарастырылып,  әріптерді  жаттауда  тілиелмені үшін еш кедергісіз қабылдануы тиіс деп білеміз.

 

 

 

Назира Әміржанова,

А.Байтұрсынұлы атындағы

 Тіл білімі институты

Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі,

 филология ғылымының кандидаты

[1]Волков А.Г. Язык как система знаков. — М., 1966. с. 33.

[2]Аманжолов С. Орыс  алфавитіне негізделген  қазақтың жаңа  алфавиті мен  орфографиясы (проект). Алматы, 1940 ж.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *