ӘУЕ РЕЙСТЕРІНЕ БИЛЕТТЕР БҮГІННЕН БАСТАП САТЫЛЫМҒА ШЫҒАДЫ!

187

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан – Алматы әуе қатынасы ашылады. Қалалар арасында күніне 6 рейс жасалады. Оның ішінде 2 рейсті «Air Astana», тағы екеуін «Qazaq Air», 1 рейсті «Fly Arystan» және тағы біреуін «SCAT» әуе компаниясы орындайды.

Билеттер бүгіннен сатылымға шығады. Әуе компаниялары олардың бағасын ТЖ-ға дейінгі деңгейде сақтауға міндетті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшуға қойылатын талаптарды атады:

жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (оның қолданылу мерзімі — 7 күн);
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;
әуежайлар мен ұшақтарды күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Оған сәйкес, бұл рейстерде бортта тамақ берілмейді. Жолаушылар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен тапсыруы қажет.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *