КӨЛІК САЛЫҒЫ АРТҚАН ЖОҚ!⠀

521

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылы көлік иелерінің бюджетке қанша ақша құятынын түсіндірді.

Мекеменің баспасөз қызметі ҚР Салық кодексінің 492-бабы, 3-тармағына сай, салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген есептік көрсеткіш қолданылатынын мәлімдеді. Осылайша, 2020 жылы көлік салығын төлегенде АЕК мөлшері 2 651 теңгені құрайды.

Тек көлік салығының ғана бұрынғы АЕК мөлшеріне сай есептелетінін айта кеткен жөн. Айлық есептік көрсеткішпен байланысты айыппұлдар мен басқа төлемдер 1 сәуірден бастап күшіне енген жаңа мөлшерлеме (2 778 теңге) көлеміне сай есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, көлік иелері карантинге қарамастан салық төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта төлем жасаудың соңғы күнін 1 сәуірдің орнына 31 желтоқсанға ауыстыру жоспарланған заң жобасы қаралып жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *