Президенттік клиниканың дәрігерлері Қостанай облысында пациенттің өміріне араша түсті

395

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының хирургиялық қызметінің жетекшісі, тамырлы хирург Берік Кайкенов пен хирург-аритмолог Ринат Камиев барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Рудный қаласының қалалық ауруханасы базасында бірнеше ота жасау үшін Қостанай облысына барды. Бұл туралы Президенттік клиниканың (ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы) баспасөз қызметі хабарлайды.

Хирург Берик Кайкенов:
«Біз пациенттерге қашықтықтан консультация бердік. Олардың бірі өмірге қауіпті қарыншалық тахикардия салдарынан шұғыл ауруханаға жатқызылды. Пациентті біздің Ауруханаға тасымалдау өте қиын, оның үстіне қауіпті де болды. Рудный ауруханасының басшылығы бізді шақыртуға шешім қабылдап, біз өз тарапымыздан коронавирусқа анализ тапсырдық та, Нұр-Сұлтаннан Рудныйға жолға шығып кеттік», — деді.

Рудный қаласының қалалық ауруханасының және Президенттік клиника дəрігерлерінің имплантациялау бойынша бірлескен отасы сәтті өтті. Отаға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып жасалды. Дәрігер-аритмолог Ринат Камиев былай деп әңгімелейді:
«64 жастағы пациенттің артериялық қысымының төмендеуі және науқастың жағдайының ауырлығымен қатар, қауіпті қарыншалық тахикардия салдарынан кенеттен жүрек өлімінің туындау қаупі жоғары болды. Кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы жүргізілді. Алдағы уақытта бұл аппарат өмірге қауіпті аритмиялардың пайда болуы тұрғысынан пациенттің жағдайын үнемі бақылап отыратын болады. Операциядан кейін пациентті одан әрі жүргізу бойынша ұсыныстар берілді» — деді.

Рудный ауруханасында өткізген бірнеше күн ішінде Президенттік клиниканың дəрігерлері аяқтың күрделі ишемиясы бар пациенттерге қан ағымын қалпына келтіру бойынша 2 рентгенэндоваскулярлық ота және бір кардиовертер-дефибриллятор имплантациясын жасалды.
Алена Жарких, Рудный қаласы ауруханасының хирургы:
«Президенттік клиниканың дəрігерлері Берік Болатұлы мен Ринат Тоқтажанұлына баға жетпес көмегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осындай қиын уақытта, пандемия кезінде бізге келіп, пациентімізге көмек көрсете алды. Қарапайым тілмен айтқанда, оларды бір өлімнен арашалап қалды! Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін, жаманшылықтың бәрі тез арада аяқталып, карантинді бітіп, біздің өміріміз бұрынғы арнасына қайтып оралсын және ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деп үміттенемін!»

Сондай-ақ, Президенттік клиниканың дəрігерлері стационарлық емдеуде жатқан пациенттерге консультация беріп,  емдеу тактикасы бойынша ұсыныстарын айтты.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *