Маңғыстауда «Birgemiz» қорынан екінші кезеңде 7162 мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды

665

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры төтенше жағдай кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына одан әрі көмек көрсетуде. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Екінші кезең бойынша республикалық «Birgemiz» Қорынан өңірлік «Birgemiz — Mangystau» қорына 358 млн 100 мың теңге бөлінді. Барлығы 7162 мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден қаржылай көмек көсетілді.

Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қаласында тұратын 3944 адамға және Жаңаөзен қаласының 3218 азаматына қаржылай көмек көрсетілді. 50 мың теңге әлеуметтік жағынан мұқтаж жандарға жеке есеп шоттарына аударылды. Әр банктен көмек алушылардың шоттарының жағдайы нақтыланды. «Birgemiz-Mangystau» қоғамдық қорынан көмек алушылардың тізімдері жергілікті әкімдіктер жасақтады. Өңірлік қорға түскен қаржының мақсатты жұмсалуы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бақылауында болады.
Қаржылай көмек мұқтаж адамдарға жеті санат бойынша беріледі:
1. Аз қамтылған көпбалалы отбасылар;
2. І-топтағы мүгедектер;
3. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
4. Ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
5. Жетім балалар (оның ішінде: тұлдыр жетім балалар мен асыраушысының бірінен
айырылған балалар);
6. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектері, оларға теңестірілгендер;
7. Тыл ардагерлері .
Аталған көмек облыс орталықтары мен коронавирус таралу қаупі жоғары ірі қалалардың көмекке мұқтаж тұрғындарына көрсетілді. Осы жәйттер ескеріле отырып, республикадағы 23 қала белгіленген. Сол 23 қаланың тізіміне Ақтау және Жаңаөзен қалалары да бар.
Бірінші кезеңде Республикалық «Birgemiz» Қорынан өңірлік «Birgemiz — Mangystau» қорына 324 млн 350 мың теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде барлығы 6487 мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсетілді. Оның ішінде 4374 ақтаулық және 2113 жаңаөзендіктер.
«Біз Біргеміз» республикалық акциясы Маңғыстау облысында қарқынды жүзеге асып жатыр. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында меценаттар, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтардың қолдауымен бүгінге дейін 3142 отбасыға көмек көрсетілді.
Жинақталған қаржыға бірінші кезектегі азық-түлік себеттері мен медициналық маскалар, антисептикалық құралдар сатып алынды. Әлеуметтік көмекті партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары арқылы халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына байланыссыз тарату жолымен берілді. Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты «Біз Біргеміз» акциясы жалғасын табады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *