Алматыда аулалар мен саяжай учаскелерін аралау кезінде тұрғындар қандай ережелерді ұстану керек?

399

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша карантин жағдайындағы қауіптерді азайту мақсатында карантин кезеңінде балалар алаңдарына, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне бару шарттары бекітілді.
Құжатқа сәйкес, балалар алаңдары мен аулаларда серуендеуге сағат 5:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат етілген. Балалар алаңдары мен аулалар аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Барлық қолжетімді жерлерде, ең алдымен хабарландыру тақталарында карантиндік тәртіпті сақтау шеңберінде талап етілетін жеке және заңды тұлғалар үшін шектеулердің барлық түрлері туралы ескертпелер орналастырылады.
Алматы қаласының тұрғындары балалар алаңдары мен аулаларға, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне барған кезде кемінде 2 қашықтықты сақтауы қажет. Отбасы мүшелерін қоспағанда, қала тұрғындарына үш адамнан көп болып жиналуға тыйым салынып, өзімен бірге жеке қорғану құралдарын алып жүру және кию ережелерін сақтау талап етіледі.
Өз кезегінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген шараларды орындау бойынша көшелерді, аула алаңдары мен көпшілік орындарын тәулік бойы күзетуді қамтамасыз етеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *