Қазақстандықтардың зейнетақы активі 12 триллион теңгеге жуықтады

501

Қазақстандықтардың зейнетақы активі 12 триллион теңгеге жуықтады. Бұл сома бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21 пайызға артық. Ал осы жылдың наурыз айының соңында жарнаның барлық түрі бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 2,7 пайызға ұлғайып, 10,7 млн-ға жетті.

Жеке зейнетақы шоттарының басым бөлігін, яғни, 10,1 миллионын міндетті зейнетақы жарналары құрайды. Ал міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша шоттардың саны 514,8 мыңға жеткен. Өз еркімен зейнетақы жарнасын аударып, шот ашып жатқандардың да саны көбейіп келеді. Бір жылдың ішінде бұл санатта 55,4 мың шот ашылып, өсім 11,6 пайызды көрсетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *