Toyota 15 миллион гибрид шығарды

289

Сонау 1997 жылы алғашқы Toyota Prius жолға шықты. Сол уақыттан бері марканың гибридті топтамасы анағұрлым ұлғайып, бұл тізім Camry, Corolla, C-HR, RAV4 және тағы басқа үлгілермен толықты. Ал бензин-электрлі Toyota көліктерінің саны жуырда 15 миллионға жетті. Бұл межені компания 23 жылда бағындырды.

«Тойотаның» есебі бойынша, гибридтер ауаға CO2 таралуын шамамен 120 млн тоннаға кемітті.

Қазіргі уақытта Toyota сатқан темір тұлпарлардың 23.5 %-ы гибридті көліктер. Болашақта бұл көрсеткіш өседі. Ал 2025 жылға қарай компания әр модельдің қосалқы электрлі моторы бар нұсқасын жасамақ.

Электрлі Toyota көліктерінің Қазақстан көшелерінде де жүйткіп жүргенін айта кеткен жөн. Бұл машиналардың басым бөлігін елге жеке тұлғалар алып келген. Бірақ гибридтерді автосалоннан да табуға болады. 2010 жылы «Тойота» елде Prius сатты, ал Lexus қазір де UX 250h, NX 300h және RX 450h үлгілерін саудалауда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *